Accessibility links

Сөз бостандығын тым шектеуге алаңдаушылық танытты


"Әділ сөз" халықаралық сз бостандығын қорғау қорының жетекшісі Тамара Қалеева.
"Әділ сөз" халықаралық сз бостандығын қорғау қорының жетекшісі Тамара Қалеева.

"Әділ сөз" халықаралық баспасөз құқығын қорғау қоры мен Қазақстан журналистері одағы Қазақстанда сөз бостандығы мен ой-пікір еркіндігі "негізсіз әрі тым асыра шектеліп жатыр" деп алаңдаушылық білдірді.

"Әділ сөз" бен журналистер одағының мәліметінше, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда сөз бостандығымен байланысты қылмыстық қудалау екі есеге жуық (38-ден 63-ке дейін) артқан. "Әділ сөз" Қазақстанда алты жыл үзілістен соң тағы бір "ар-ұждан тұтқыны" пайда болды дейді. "Ар-ұждан тұтқыны" деп танылған Сарыағаштағы "Әділет" қоғамдық ұйымының жетекшісі Амангелді Батырбеков басылым арқылы екі сот процесінің әділдігіне байланысты қатысты пікір білідіріп, онысы үшін "жала жабу" айыбымен бір жарым жылға сотталған. "Әділ сөз" риддерлік Игорь Сычевтің сепаратистік іс-әрекет айыбымен сотталғанын, "Қазақстан мұсылмандар одағы" ұйымының төрағасы Мұрат Телібековке қарсы "қазақтардың ұлттық ар-намысын қорлады" деген айыппен іс қозғалғанын, белсенділер Ермек нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталиннің қамалғанын ​да айтады.

Қор бұған қоса Қостанайда "Ислам мелмекеті" экстремистік ұйымы идеясын насихаттады деген айыппен сотталған Болат Сақтанғұловтың пікірлерін тәуелсіз сарапшылар "тек діни тақырыптағы пікірталас" деп тапқанын да айтады.

"Әділ сөз" бен журналистер одағы осыған байланысты экстремизм, сепаратизм, діни немесе ұлтаралық алауыздық оздырумен күрес көбінесе өзгеше ойлауды басып тастауға, тәжірибесіз блогерлер мен әлеуметтік желіні жаңа қолданушылардың қателерін саналы іс-әрекет ретінде түсінуге ұласып кететінін айтады.

XS
SM
MD
LG