Accessibility links

Вице-министр: Қазақстан Украинаға газ жеткізе алмайды


Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев. Астана, 7 желтоқсан 2015 жыл.

Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев. Астана, 7 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстан энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев "Украинаға қазір газ сатылмайтынын» мәлімдеді. Бұл туралы ол Астанада Орталық коммуникация қызметінде Қазақстанның газ тасымалдауындағы жаңа бағыттары жөніндегі баяндамасында айтты. Бұл мәселеге қатысты вице-министрге тілшілер сұрақ қойып, Украина президенті Порошенконың Қазақстанға ресми сапарында жасалған газ келіссөзінің нәтижесін сұраған еді.

–Украинаға газ тасу үшін ең алдымен Ресеймен келісімге келу керек. Бүгінгі күнде бізде ондай келісім жоқ. Біз газды Ресей шекарасында сатып жатырмыз. Бізді бұл қанағаттандырады. Бірақ, Еуразия экономикалық одағы аясында 2025 жылы ортақ газ нарығын құруға келістік. Сол бойынша, Қазақстан да өзге әріптестері секілді одақтың кез келген жерінде газ сатуға мүмкіндігі болады,- деді Мырзағалиев.

XS
SM
MD
LG