Accessibility links

Германияға барған босқын саны 1 миллионға жуықтады


Берлиндегі мигранттан. Қараша, 2015 жыл.

Берлиндегі мигранттан. Қараша, 2015 жыл.

Германия билігі соңғы 11 айда босқын мәртебесін сұраған 965 мың адамды тіркеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, олардың жартысынан көбі - сириялықтар. Босқындардың 13 пайызы Ауғанстаннан, 10 пайызы Ирактан шыққандар. Германияға келушілер саны ауа-райы салқындаса да толастамай тұр. Өткен айдың өзінде 206 мың 100 адам босқын мәртебесін сұраған. Мұндай сан бұрын-соңды болмаған.

Қазір Германиядағы жаңа мигранттар саны 2014 жылғы көрсеткіштен төрт есеге асып кетеді. Тамыз айында канцлер Ангела Меркель Германия биыл 800 мыңға тарта адам келеді деп күтетінін мәлімдеген еді. Германия - Еуропа Одағы елдері арасындағы ең көп босқын қабылдаған мемлекет.

XS
SM
MD
LG