Accessibility links

Кипр Сириядағы Ресей ұшағының қонуына рұқсат етпек


Кипр сыртқы істер министрі Иоаннис Касулидес.

Кипр сыртқы істер министрі Иоаннис Касулидес.

Кипр сыртқы істер министрі Иоаннис Касулидес өз елі Ресеймен Сириядан әуе шабуылынан оралып келе жатқан ресейлік әскери ұшақтардың төтенше жағдайлар кезінде Кипр әуежайларына қонуы туралы келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Иоаннис Касулидес 7 желтоқсанда Ресеймен жүріп жатқан келіссөз Франциямен бұған дейін жасалған француз ұшақтарының төтенше жағдай болғанда Кипр әуежайларына қонуына рұқсат ететін келісіммен бірдей екенін айтты. Оның сөзінше, Кипр төтенше жағдайлар және гуманитарлық дағдарыс кезінде әуежайын пайдалануға рұқсат етуді қарастыратын халықаралық келісімдерді басшылыққа алады.

Ол келіссөзде Кипр әуежайлары бұған қоса ресейліктерді көрші елдерден эвакуациялау қажет болған жағдайда да пайдалануға берілу жайы қарастырылып жатқанын айтты.

Кипрдің шығыс жақ шекарасының Сирия жағалауларынан ара қашықтығы160 километрді құрайды. Ұлыбритания Кипрдегі әуе базасынан Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына әуе шабуылдарын жасайды.

XS
SM
MD
LG