Accessibility links

Астана мектептерінде екінші ауысымда сабақ тоқтады


Астана бораны. (Көрнекі сурет).

Астана бораны. (Көрнекі сурет).

Астана мектептерінде бүгін бораннан екінші ауысымда оқитын 1-6 сынып оқушыларына сабақ тоқтады деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада бүгін ұйытқыған желдің жылдамдығы секіндына 23 метрге дейін жетеді әрі көктайғақ болып тұр.​

Ақмола облысы аумағында 7 желтоқсанның кешінен бастап боран мен жолдың нашар көрінуінен Алматы-Екатеринбург жолының 856-917 километрі аралығында барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылған.​

XS
SM
MD
LG