Accessibility links

Әкім: Жайықты құтқару қорын құруды Ресей қолдамады


Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Қазақстан мен Ресей арасында Жайық өзенін құтқару қорын құру ұсынысын Ресей тарапы қолдамады деп мәлімдеді бүгін Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген Ізмұхамбетов Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығы форумында қор құру туралы үш рет ұсыныс жасағанын, бірақ оны Қазақстан үкіметі ғана қолдағанын айтты.

"Өзен таязданып бара жатқанымен келісем, асырып айтпақ-ақ қояйын, әзірге батпаққа айнала бастаған жоқ. Бірақ бірнеше жыл болды, мұнда белгілі бір проблемалар бар. Өңіраралық форумда Жайықты құтқару қорын құру туралы ұсыныс жасалды. Қазақстан үкіметі мұны толық қолдады. Бірақ Ресей жағынан осы күнге дейін қолдау естімедік" деген Ізмұхамбетов.

Әкімнің сөзінше Жайық өзені суы деңгейінің төмендеуіне түсетін қар көлемінің азаюы, Орынбордағы су қоймасы әсер етеді.

XS
SM
MD
LG