Accessibility links

Ақышев: Барлық активтер бағасы теңгеде болуы тиіс


Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Қазақстанда барлық актив түрлерінің бағасы теңгемен көрсетілуі тиіс деп мәлімдеді бүгін Астанада үкімет отырысында сөйлеген ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев. Ол экономиканы долларсыздандырып, теңгенің рөлін күшейту үшін елде "экономикалық ынталандыру шараларын ғана емес, айықтыру шараларын да жасау керек" екенін, оның ішінде барлық активтердің бағасын теңгемен көрсету қажет екенін айтты.

2014 жылы ақпанда және 2015 жылы тамызда жүргізілген девальвациядан соң Қазақстан экономикасында доллар ықпалы күшейе түсіп, халықтың коммерциялық банктерде шетел валютасымен салған салымдарының үлесі 65,9 пайызға дейін артқан. Биыл жыл басында банктердегі доллармен ашылған салым көлемі 55,5 пайызды құраған еді.

Ақышев коммерциялық банктердің "қиын жағдайда" тартуы мүмкін шығын көлемін есептеп жатқанын, ұлттық банк біртұтас зейнетақы жинақтаушы жүйесі мен проблемалық несиелер қорын өз бақылауынан шығаруға ұсыныс әзірлеп жатқанын да айтты.

XS
SM
MD
LG