Accessibility links

Ресей Түркия мәселесін БҰҰ қарауына ұсынды


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны. (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны. (Көрнекі сурет).

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін 8 желтоқсанда Түркияның Сирия мен Ирактағы іс-әрекеттерін талқыла салатын жабық жиын ұйымдастырды. Осы айда Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық жасайтын АҚШ талқылауда модератор болады.

Дипломаттар Ресей талқылауда Түркияның 24 қарашада Сириямен шекарада ресейлік Су-24 ұшағының атып түсірілгенін мәселе етіп көтереді деп санайды.

Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы бұл оқиғадан соң нашарлап кеткен. Анкара ресейлік ұшақ елдің әуе кеңістігін бұзды дейді. Мәскеу Сирия территориясында болған дейді.

Өткен аптада Ирак Түркияны елдің солтүстігіндегі лагерге әскер мен танктер кіргізіп, өз егемендігін бұзды деп айыптаған. Бағдад Түркия егер әскерін әкетпесе мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына ұсынатынын мәлімдеген. Ал Ресейдің жиында Иракқа қатысты жағдайды көтеретіні, я көтермейтіні белгісіз.

Түркия 7 желтоқсанда "Ирак армиясын "Ислам мемлекеті" ұйымымен күреске дайындау бағдарламасы аясында кіргізілген" әскерін шығармайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG