Accessibility links

"Астана" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмады


"Астана" футбол командасының ойыншылары. (Сурет "Астана" командасының баспасөз қызметінен алынды.)

"Астана" футбол командасының ойыншылары. (Сурет "Астана" командасының баспасөз қызметінен алынды.)

Қазақстандық «Астана» клубы футболдан Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алтыншы турында Түркияның «Галатасарай» клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті.

8 желтоқсанда Стамбулда өткен ойынның 62-минутында Астана ойыншысы Патрик Твумаси бәсекелестің қақпасына гол салды, бірақ одан екі минуттан соң «Галатасарай» капитаны Сельчук Инан есепті теңестіріп кетті.

«Астана» бұл ойын нәтижесі бойынша төрт ұпай алғанымен, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне берілетін жолдамадан айырылды.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алты ойын өткізген «Астана» клубы екі кездесуде жеңіліп, төртеуінде тең түскен.

XS
SM
MD
LG