Accessibility links

Әлемде мұнай бағасы тағы арзандай түсті


Мұнай ұңғымасы. (Көрнекі сурет.)

Мұнай ұңғымасы. (Көрнекі сурет.)

8 желтоқсандағы сауда нәтижесі бойынша, Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 40 доллардан төмендеді. Сауда аяқталар тұста мұнай бағасы бір пайызға арзандап, 40 доллар 26 центті құрады. АҚШ-та өндірілетін WTI маркалы мұнай бағасы 37 доллар 51 центке дейін арзандады. Brent маркалы мұнай 40 долларға дейін соңғы рет 2009 жылы – қаржы дағдарысы шарықтау шегіне жеткенде түскен.

Кейбір сарапшылар 2016 жылы да мұнай бағасы арзандай береді деген болжам айтады. АҚШ энергетикалық ақпарат агенттігі мұнай бағасына жасаған болжамын 50 доллар 89 центке дейін төмендетті. Bank of America сарапшылары мұнай бағасы 48 доллар болады деп болжайды. Сарапшылар мұнай бағасына бұған дейін жасаған болжамдарын әлемде мұнайдың сұраныстан анағұрлым көп мөлшерде өндірілуіне байланысты төмендетуге мәжбүр болды.

Бұған АҚШ-та тақтатастан өндірілетін мұнай көлемі кәдімгідей азаяды деген болжамның іске аспауы да себеп болған.

XS
SM
MD
LG