Accessibility links

Ирак: НАТО Түркияға әскерін әкетуіне ықпал етсін


Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади.

Ирак үкіметі НАТО-дан альянс мүшесі Түркияның Ирактың солтүстігінен әскерін дереу шығаруына ықпал етуін сұрады.

Ирак үкіметі 8 желтоқсанда таратқан мәлімдемеде ел премьер-министрі Хайдар әл-Абадидің НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефонмен сөйлесіп, «әскер кіргізу – Ирак егемендігін бұзу» деп ескерткені айтылған.

Анкара түркиялық әскерилер Мосул маңындағы лагерьге «Ирак әскерін дайындықтан өткізу үшін» кіргізілгенін айтады. Түркия билігі бұдан соң әскер кіргізілмейтінін, бірақ осы кезге дейін кіргізілген әскерді әкетпейтінін мәлімдеген. «Лагерьде дайындық өткізетінімізден Ирак қорғаныс министрлігі мен полициясы хабардар» дейді Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу.

Ресей Түркия әскерінің Ирак территориясына Бағдадтың рұқсатынсыз кіруін «қабылдауға болмайтын жағдай» деп атады. Ресей сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Мосул қаласы маңында әскердің «заңсыз пайда болуы – шиеленіске әкеп соқтыратын фактор» делінген.

XS
SM
MD
LG