Accessibility links

SG: ИМ-дегі содырлар екі есе көбейген


"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы видеосынан көрініс. (Көрнекі сурет.)
"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы видеосынан көрініс. (Көрнекі сурет.)

Нью-Йоркте орналасқан Soufan Group (SG) агенттігінің мәліметі бойынша, бірқатар исламшыл топтардағы, оның ішінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымындағы содырлар саны соңғы бір жарым жылда екі есеге артқан.

Барлау мәліметтеріне сүйеніп кеңес берумен айналысатын агенттік дерегіне қарағанда, содырлар негізінен араб елдерінен шығады. Агенттік есебінде содырлар арасында Батыс Еуропа мен бұрынғы Совет Одағы елдерінен (әсіресе Шешенстан мен Дағыстан және Орталық Азиядан) шыққан азаматтар саны кәдімгідей өскені айтылады.

Сарапшылар ИМ құрамындағы содырлардың ең үлкен тобы – 6 мыңға жуығы Тунистен барғандар дейді. Одан кейінгі орындарда Сауд Арабиясы (2500 адам) мен Ресейден (2400 адам) барып қосылған азаматтар тұр. Еуропа Одағы елдерінен 5 мыңға жуық адам ИМ қатарына өткен. Қазір олардың шамамен үштен бірі Еуропаға оралып жатыр.

«Құқық органдары бұл адамдардан қауіпсіздікке төнетін қатер деңгейін анықтағаны ләзім» дейді агенттік мамандары.

XS
SM
MD
LG