Accessibility links

Берік Әбдіғали: Алаш сарбаздары жайлы видео табылды


Тарихшы Берік Әбдіғали. Астана, 9 желтоқсан 2015 жыл.

Тарихшы Берік Әбдіғали. Астана, 9 желтоқсан 2015 жыл.

Алаш тақырыбын зеттеп жүрген тарихшы Берік Әбдіғали Астанада «Аманат» клубында өткен жиында атаман Дутовтың оққағарлары қатарында «қазақ әскері болғанын растайтын» видеотаспа табылғанын хабарлады.

Әбдіғалидің сөзінше, 1916 жылы атамандар Колчак пен Дутовтың кездесуін француздар түсіріп алған. Франция тарихи деректерді 2005 жылы Ресейге тапсырған. Берік Әбдіғали Азаттыққа видеотаспаны Омбыдағы азамат соғысын зерттеу орталығынан кезіктіргенін айтады. Оның сөзінше, видеодағы Дутовтың соңында көрінетін жеті-сегіз қазақтың аты-жөндері белгісіз.

– Бұрын әр жерден қазақтардың атаман Дутовтың жеке күзетшісі болғанын оқыған едік, енді міне, соған видео айғақ табылды, – деді Әбдіғали.

Бұған қоса ол Ресей мұрағаттарынан Алаш әскері туралы тың деректер, қазақ әскерлерінің аты-жөндері табылғанын айтты.

XS
SM
MD
LG