Accessibility links

Биржада доллар сәл қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін АҚШ долларының бағамы 309 теңге 12 тиынға көтерілді. Биржа ақпараты бойынша, бүгін таңертеңгілік саудада 52 миллион доллар сатылған.

Қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 310 теңге 50 тиын мен 311 теңге аралығында сатылып жатыр. 8 желтоқсандағы күндізгі саудада доллар бағамы 308 теңге 19 тиын болған.

Қараша айының ортасынан бері доллар бағамы 306-307 теңге аралығында тұрақтаған еді.

Қарашаның басында Қазақстан ұлттық банкінің басшысы ауысып, банк төрағасы болып Данияр Ақышев тағайындалған. 6 қарашада ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау үшін валюта нарығына араласуын азайтатынын мәлімдеген. Бұдан соң теңге құны біршама төмендеген. Қарашаның басында 279 теңгеден асып тұрған доллардың орташа бағамы 9 қарашада 312 теңгеден асып, ең жоғары көрсеткішке жеткен болатын.

7 желтоқсанда Қазақстан президентінің жарлығымен ұлттық банк төрағасының екі орынбасары ауысқан.

XS
SM
MD
LG