Accessibility links

Кандагар: "Талибан" шабуылынан кемінде 9 адам өлген


Кандагар аэродромына кіреберісте күзетіп тұрған ауған қауіпсіздік күштері. Ауғанстан, 9 желтоқсан 2015 жыл.
Кандагар аэродромына кіреберісте күзетіп тұрған ауған қауіпсіздік күштері. Ауғанстан, 9 желтоқсан 2015 жыл.

Талибан содырлары Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласы маңында ауған және НАТО күштері пайдаланатын аэродромға шабуыл жасап, тоғыз адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында ауған қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар бар.

Кандагардан оңтүстікке қарай 30 километр қашықтықтағы аэродромға шабуыл 8 желтоқсанның кешінен басталып, шабуыл 9 желтоқсан күні таңертең аяқталды.

Кандагар уәлаяты губернаторының өкілі Самим Хпалвактың айтуынша, атыс кезінде үш талиб оққа ұшқан.

Кандагардағы ауған әскерилерінің командирі Давуд Шах Вафадардың сөзінше, шабуылдан қаза тапқандардың жалпы саны кемінде 18 адамға, жараланғандар саны 28 адамға жетеді.

"Талибан" таратқан мәлімдемесінде жеңіл және ауыр қаруланған үш содыры аэродромға басып кіріп, ондағы Ауған ұлттық армиясының сарбаздарына және халықаралық күштерге шабуылдағанын айтады.

НАТО көмек көрсету миссиясының өкілі шабуылдан халықаралық күштер сарбаздарының қаза тапқаны туралы мәлімет түспегенін айтады.

XS
SM
MD
LG