Accessibility links

Әзербайжанда оппозиция жетекшісі қамалды


Әзербайжандық оппозициялық саясаткер Фуад Гахраманлы.

Әзербайжандық оппозициялық саясаткер Фуад Гахраманлы.

Әзербайжанның оппозициялық «Халықтық майдан» партиясы жетекшісінің орынбасары Фуад Гахраманлы өткен айда Баку маңында арнайы қызмет жүргізген операцияға қатысты қамауға алынды.

Бакудің Насими аудандық соты Гахраманлыны тергеу аясында үш айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Гахраманлының адвокаты Фахраддин Мехдиев Азаттыққа оппозиция жетекшісіне «билікті құлатуға жария түрде шақырды» және «этникалық, діни және алауыздық тудырды» деген айып тағылғанын айтты.

Мехдиев Гахраманлының қамалуын Әзербайжан қауіпсіздік күштерінің 26 қарашада Бакуге жақын Нардаран ауылында «діни экстремистерге» қарсы жүргізген операциясы жайлы саясаткердің Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған пікірімен байланыстырады. Ол операциядан жеті адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапқан.

Фуад Гахраманлы өзін айыпты деп санамайды. Адвокаты оппозиция жетекшісі өзін қамауға алу туралы сот шешіміне шағым түсіретінін айтады.

XS
SM
MD
LG