Accessibility links

Баку соты Лейла Юнусті босатты


Ерлі-зайыпты Юнустер соттан шығып келеді.

Ерлі-зайыпты Юнустер соттан шығып келеді.

Әзербайжан астанасы Баку қаласындағы апелляциялық сот 8 жыл 6 айға сотталған құқық қорғаушы, Бейбітшілік және демократия институтының директоры Лейла Юнусті бостандыққа шығарды.

Сот Лейла Юнуске де, оның 7 жылға сотталған жұбайы Ариф Юнуске де бес жылдық сынақ мерзімін кескен.

Ерлі-зайыпты Юнустер 2014 жылы шілдеде тұтқындалған. Оларға «алаяқтық жасады», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, салық төлеуден жалтарды» деген айыптар тағылған. Өздеріне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартқан Лейла және Ариф Юнус қылмыстық істің саяси мақсаты бар деп мәлімдеген.

Сот 2015 жылы тамызда Лейла Юнусті 8,5 жылға, оның ері Ариф Юнусті 7 жылға соттаған.

12 қарашада Баку соты денсаулығы нашарлап кеткен Ариф Юнусті үйқамаққа шығарған.

XS
SM
MD
LG