Accessibility links

Түркия: Ресей АЭС құрылысын тоқтатты


Түркия энергетика министрі Танер Йылдыз (сол жақта) және "Росатом" басшысы Сергей Кириенко Аккуюдағы АЭС құрылысын бастау рәсімінде. (Көрнекі сурет.)
Түркия энергетика министрі Танер Йылдыз (сол жақта) және "Росатом" басшысы Сергей Кириенко Аккуюдағы АЭС құрылысын бастау рәсімінде. (Көрнекі сурет.)

Ресми Анкара Ресей Түркияда алғаш салып жатқан атом электр станциясы құрылысын тоқтатқаны туралы хабарлады. Екі ел арасындағы жанжал 24 қарашада Түркия әскерилері Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен кейін нашарлап кеткен. Ресей ұшақтың атып түсірілуіне жауап ретінде Түркияға қарсы экономикалық санкциялар салған.

Түркия үкіметіндегі құпия дереккөздерінің агенттіктерге хабарлауынша, Ресейдің «Росатом» компаниясы Түркияның Аккую қаласы маңындағы АЭС құрылысын салу келісімінен бас тартпаған. Бірақ компания бұған дейін келісімді бұзған жағдайда өтемақы төлеу туралы қатаң шарт жасасқандықтан, қазір келісімнен бас тарту жайын ықылассыз талқылап жатыр. Түркиялық билік өкілдері Анкара құны 20 миллиард доллар тұратын бұл жұмысты басқа үміткерге тапсыру жайын қарастырып жатқанын айтады.

«Аккую» компаниясы бас директорының орынбасары Олег Титов АЭС құрылысы тоқтап қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, «құрылыс жұмысы кесте бойынша жүріп жатыр» деп мәлімдеген.

«Росатом» компаниясы 2013 жылы Түркиядан қуаттылығы 1200 мегаватт болатын төрт реактор салуға тапсырыс алған. Жұмыс биыл сәуір айында басталған. Ресейлік компания алғашқы реакторды 2019 жылы орнатуға уәде берген.

XS
SM
MD
LG