Accessibility links

Назарбаев Ресейде тағы да "Жыл адамы" атанды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде биыл да «Жыл адамы – 2015» сыйлығына ие болды. Бұл сыйлықты 1993 жылы Орыс биографиялық институты мен экономикалық стратегия институты тағайындаған.

Ұйымдастырушылар президент Назарбаевқа бұл сыйлық «халықаралық саясаттағы жетістігі» мен «Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құрудағы еңбегіне» байланысты берілгенін айтады.

«Жыл адамы-2015» сыйлығы берілген саясаткерлер арасында Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Куба жетекшісі Рауль Кастро, Татарстанның бірінші президенті Минтемир Шаймиев, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл, академик Лео Бокерия мен режиссер Никита Михалков та бар.

Лауреаттарға диплом мен Күміс крест тапсырылады.

Назарбаев 2012 және 2014 жылы да Ресейде «Жыл адамы» атанған.

XS
SM
MD
LG