Accessibility links

Түркия Ирактағы "күрд көтерілісшілеріне" шабуылдады


Диярбакырдағы коменданттық сағатқа қарсылық акциясы кезіндегі полиция көлігі. Түркия, 8 желтоқсан 2015 жыл.

Диярбакырдағы коменданттық сағатқа қарсылық акциясы кезіндегі полиция көлігі. Түркия, 8 желтоқсан 2015 жыл.

Түркия Ирактың солтүстігіндегі күрд көтерілісшілерінің позицияларына әуеден шабуыл жасаған. Әскерилердің мәліметінше, шабуыл нәтижесінде «Күрдістан жұмысшы партиясының» төрт аудандағы «нысандары» жойылған.

«Күрдістан жұмысшы партиясының» Ирактағы өкілі Дахмат Ажит шабуылда үш елді мекен нысанаға алынғанын хабарлады. Ол шабуылдан партия жақтастары зардап шекпегенін айтады.

Екі жыл бойы сақталған бітімнен соң биыл шілде айында Түркия елдің оңтүстік-шығысы мен Ирактың солтүстігіндегі «Күрдістан жұмысшы партиясы» мүшелеріне қарсы операция бастаған.

Бұл операциялардан соң Түркияда күрд көтерілісшілері бастаған шабуылдардан ондаған полицей мен сарбаз қаза тапқан. 9 желтоқсанда Диярбакыр провинциясында мерген оғынан бір полицей мерт болған. Бұл провинцияда соңғы сегіз күнде коменданттық сағат енгізілген.

XS
SM
MD
LG