Accessibility links

Әзербайжан Таулы Қарабахты танкілерден атқылады


Жікшіл Таулы Қарабах аймағының картасы.(Көрнекі сурет.)

Жікшіл Таулы Қарабах аймағының картасы.(Көрнекі сурет.)

Әзербайжан танкілері жікшіл Таулы Қарабах аймағындағы көтерілісшілер позицияларын 21 жылда бірінші рет атқылады.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні «1994 жылы жасалған бітімнен соң Қарабахта бірінші рет танк қолданылып, бір сарбаз қаза тапқаны» туралы хабарлады.

«Танктер мен гранатометтен 1500-дей оқ атылды» дейді қорғаныс министрлігі.

Әзербайжан жағы «Армения бірінші болып әзербайжандық елді мекендерге оқ атқан» дейді. «Мұның барлығына Армения билігі кінәлі» деген қорғаныс министрлігі Таулы Қарабахтағы «жау армиясы позицияларына жауап соққы жасайтынын» ескерткен.

Армения мен Әзербайжан арасында 1990 жылдары даулы Таулы Қарабах аймағына қатысты қарулы жанжал болған.

АҚШ мемлекеттік департаменті Таулы Қарабахтағы шиеленісті айыптап, тараптарды бітімге шақырды.

XS
SM
MD
LG