Accessibility links

KASE: Доллар бағамы 310 теңгеден асты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада АҚШ долларының бағамы 310 теңге 37 тиынға жетті. Бұл – биржада кеше таңертеңгілік саудадағы бағамнан 1 теңге 25 тиынға артық. Биржа мәліметінше, бүгін таңертеңгі саудада 121 миллион доллар сатылған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 310 теңге мен 312 теңге 50 тиын аралығында сатылып жатыр.

Қараша айының ортасынан бері доллар бағамы 306-307 теңге аралығында тұрақтаған еді.

Қарашаның басында Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы болып Данияр Ақышев жаңадан тағайындалған. 6 қарашада ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау үшін валюта нарығына араласуын азайтатынын мәлімдеген. Бұдан соң теңге құны біршама төмендеген еді. Қарашаның басында 279 теңгеден асып тұрған доллардың орташа бағамы 9 қарашада 312 теңгеден асып, ең жоғары көрсеткішке жеткен болатын.

7 желтоқсанда Қазақстан президентінің жарлығымен ұлттық банк төрағасының екі орынбасары ауысқан.

XS
SM
MD
LG