Accessibility links

Кандагарда шабуылдан қаза тапқандар саны 50-ге жетті


"Талибан" содырлары шабуылынан соң Кандагар аэродромы аумағында тұрған Ауғанстан армиясы сарбаздары. 9 желтоқсан 2015 жыл.

"Талибан" содырлары шабуылынан соң Кандагар аэродромы аумағында тұрған Ауғанстан армиясы сарбаздары. 9 желтоқсан 2015 жыл.

Ауғанстан қорғаныс министрлігі «Талибан» содырлары Кандагар аэродромына жасаған шабуылда 50-ден астам адамды өлтіргенін хабарлады.

10 желтоқсанда таратқан ақпаратында министрлік шабуылдан 38 бейбіт тұрғын, ауған армиясының он сарбазы мен екі полиция қаза тапқанын, құрбан болғандар арасында әйелдер мен балалар да барын айтады. Бір тәуліктен астам уақытқа созылған шабуылдан 30-дан астам адам жараланған.

Ауғанстан билігінің мәліметінше, қақтығыста 11 содыр оққа ұшқан. Аэродромда орналасқан халықаралық коалиция әскерінен ешкім зардап шекпеген.

Бұған дейін, 9 желтоқсанда ауған билігі «Талибан» шабуылынан қаза тапқандар саны 14 адам деп хабарлаған еді.

Кандагардағы аэродромға 8 желтоқсан күні кешке содырлар шабуыл жасап, үкімет күштерімен атысқан.

XS
SM
MD
LG