Accessibility links

БҚО полициясы атысқа күдіктілерді іздеп жатыр


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет.)
Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет.)

Батыс Қазақстанда полиция Ақсай қаласының алты тұрғынын соққыға жығып, қару қолданған деген күдікке ілінген екі адамды іздестіріп жатыр деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметі бойынша, Ақсай қаласының 27 жастағы тұрғыны мен Бөрілі ауданының 21 жастағы тұрғыны 9 желтоқсанда Ақсайда атыс қаруын қолданып, алты адамды жаралады деген күдікке ілінген. Жараланған бес адам Бөрілі аудандық ауруханасына түскен. Полиция бұл оқиғаға байланысты «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың Азаттыққа хабарлауынша, жараланған алты адамның екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған. Үшеуіне операция жасалып, ауруханада ем алып жатыр. Біреуінің жарасы таңылып, үйіне қайтарылған.

Бөрілі ауданының орталығы саналатын Ақсай қаласы Оралдан 160 километр қашықтықта орналасқан.

XS
SM
MD
LG