Accessibility links

Астанада бүгін де Біләловті қолдау акциясы өтті


Қамаудағы азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.
Қамаудағы азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.

Астанада бүгін Capital бизнес орталығы жанында қала тұрғыны Екатерина Зайцева қамаудағы азаматтық белсенді Болатбек Біләловті қолдап пикет өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, тұрғын пикетте қолына Біләловтің суреті басылған плакат ұстап шығып, оны қамаудан босатуды сұрады. Пикетке келген полицей Зайцеваның құжатын тексергеннен басқа ешнәрсе істемеді.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық 2-соты 11 қарашада Болатбек Біләловті екі айға қамауға алған. Біләловке «араздық тудыру» айыбы тағылған. Тергеушілердің пікірінше, белсенді бұл әрекетті «бұқаралық ақпарат құралдарының алдында, көпшілікке жария түрде жасаған».

Болатбек Біләлов Астанадағы сүрілуі тиіс үйлер тұрғындарының мүддесін сотта қорғаушы ретінде танымал. Сонымен бірге ол – ресейлік зымырандарды Байқоңырдан ұшыруға қарсы шығып жүрген «Антигептил» тобының белсендісі.

XS
SM
MD
LG