Accessibility links

Директор: Құдыққа құлаған оқушы зардап шеккен жоқ


Астанадағы мектептердің бірі. (Көрнекі сурет).
Астанадағы мектептердің бірі. (Көрнекі сурет).

Астанада ашық қалған құдыққа абайсызда түсіп кеткен №73 мектеп-лицейі оқушысының жағдайы өте жақсы деп хабарлайды Азаттыққа аталған мектеп директоры Құралай Байтәжікова.

Мектеп директорының айтуынша, үшінші сыныпта оқитын қыз бала мектеп ауданына жататын, тұрғын үйлердің арасында орналасқан құдыққа абайсызда құлап кеткен.Оқушы қыздың құдыққа түсіп кеткенін мектептің техникалық қызметкерлерінің бірі байқап қалып, көмекке өзгелерді шақырған.

Оқушы қыз баланың айтуынша, 15- 20 минуттай құдыққа отырып қалған. Қазір ол сынып жетекшісімен бірге ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер оқушының еш жері сынбағанын, ешқандай дене жарақатын алмағанын айтты дейді Байтәжікова.

XS
SM
MD
LG