Accessibility links

Биржада доллар бағамы 312 теңгеге жақындады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгі саудада АҚШ долларының бағамы тағы қымбаттап, 311 теңге 92 тиынды құрады. Бұл – биржада кеше таңертеңгілік саудадағы бағамнан 1 теңге 55 тиынға артық. Биржа мәліметі бойынша, саудада 138 миллион 200 мың доллар сатылған. Кешегі саудада 121 миллион доллар сатылған еді.

Алматыдағы ақша айырбастау орындары мен банктерде қазір доллар 314 теңге мен 314 теңге 50 тиын аралығында сатылып жатыр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін 9 қарашада биржада доллар бағамы соған дейін болмаған ең жоғарғы көрсеткіш – 312 теңге 65 тиынға жетіп, кейін біртіндеп қайта төмендеген еді.

XS
SM
MD
LG