Accessibility links

АҚШ Еуропаға зымыраннан қорғану жүйесін қоймақ


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ әскерилері зымыраннан қорғану жүйесін сынақтан сәтті өткізіп, Гавай аралдары жағалауынан атылған зымыранды қағып түсіргенін хабарлады. Бұл әскери жүйе Еуропадағы НАТО күштерін зымыран шабуылынан қорғауға арналған.

Зымыраннан қорғану жүйесін тапсырыс бойынша жасап шыққан Raytheon Co. компаниясы сынақтан сәтті өткен жүйе биылғы жылдың соңына қарай Румынияға орнатылатыны деп хабарлаған. Зымыраннан қорғану жүйесі 2018 жылы Польшаға да орнатылмақ.

Зымыран шабуылынан қорғану агенттігі 10 желтоқсанда америкалық С-17 әскери ұшағы Гавайдың оңтүстік-батысынан орташа көлемді зымыран жібергенін хабарлаған. Тынық мұхитындағы Кауаи зымыран полигонында орналасқан Aegis Weapon System жүйесі нысанды анықтап, оны зымыранмен жойып жіберген.

XS
SM
MD
LG