Accessibility links

Киев Амстердамнан жоғалған картиналарды табуға көмек сұрады


Westfries мұражайынан ұрланған картиналардың бірі.

Westfries мұражайынан ұрланған картиналардың бірі.

Украина Нидерланд билігінен 17-ғасырдағы голландиялық шеберлердің ұрланған сурет коллекцияларын табуға көмек сұрады. Украина ұлттық полициясының басшысы Хатия Денакоидзе өз елі Нидерланд прокуратурасынан ресми жауап күтіп отырғанын және голландиялық тергеушілермен бірге жұмыс істесуге дайын екенін мәлімдеді.

2005 жылы қаңтарда Нидерландтың Хорн қаласындағы Westfries мұражайынан 24 картина мен 70 күміс жәдігер ұрланған.

Кеше ұрланған картиналар Украинада екені туралы ақпарат пайда болған. BBC-дің ақпараты бойынша, биыл жазда белгісіз адамдар Донбастағы "украин әскерилері бақылауындағы ауданда орналасқан" коллекцияларды сатып алуды ұсынған. Мұражай әкімшілігінің мәліметінше, Киевтегі Нидерланд елшілігімен байланысқа шыққан екі ер адам өздерін "украин ерікті батальоны өкілдеріміз" деп атаған. Reuters агенттігі де осындай ақпарат таратты.

XS
SM
MD
LG