Accessibility links

Доллар бағамы бұрын болмаған межеден асты


Алматыдағы валюта бағамы көрсетілген табло. 5 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Алматыдағы валюта бағамы көрсетілген табло. 5 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күні күндізгі сауда сессиясында АҚШ долларының орташа бағамы бұрын болмаған деңгейге – 313 теңге 99 тиынға дейін көтерілді.

KASE мәліметінше, доллардың орташа бағамы бүгін таңертеңгі саудадағы орташа бағамнан 2 теңге 7 тиынға қымбаттаған (311 теңге 92 тиын). Таңертеңгі және күндізгі саудада биржада барлығы 205 миллион 300 мың доллар сатылған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындары мен банктерде қазір доллар 314 теңге мен 316 теңге аралығында сатылып жатыр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні теңгені еркін айналымға жіберген. Қарашаның басында Қазақстан ұлттық банкінің жаңа басшысы болып Данияр Ақышев тағайындалған. 6 қарашада ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау үшін валюта нарығына араласуын азайтатынын мәлімдеген. Бұдан соң теңге құны біршама төмендеген. Қарашаның басында 279 теңгеден асып тұрған доллардың орташа бағамы 9 қарашада 312 теңгеден асып, ең жоғары көрсеткішке жеткен еді.

7 желтоқсанда Қазақстан президентінің жарлығымен ұлттық банк төрағасының екі орынбасары ауысқан.

XS
SM
MD
LG