Accessibility links

Тайшыбеков сотта соңғы сөзін айтты


Ермек Тайшыбеков сотта отыр. Жамбыл облысы Қордай ауданы, 4 қараша 2015 жыл.

Ермек Тайшыбеков сотта отыр. Жамбыл облысы Қордай ауданы, 4 қараша 2015 жыл.

Әлеуметтік желідегі жазбалары үшін «ұлтаралық араздық тудырды» деп айыпталған блогер Ермек Тайшыбеков Жамбыл облысы Қордай ауданында өтіп жатқан сотта бүгін соңғы сөзін айтты. Ол өзіне қарсы қозғалған істің құрамында «қылмыс жоғын» айтып, оның «саяси астары бар» деп санайтынын мәлімдеді.

Бір жарым сағаттай сөйлеген Ермек Тайшыбеков «Қазақстанды ұлы ел деп санамайтынын, бірақ президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлы адам деп танитынын» мәлімдеген. Ол «Қазақстан мен Ресей біріксе» қисынды болатынын айтқан және Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы «бірлескен мемлекеттің» президенті, ал Ресей президенті Владимир Путин – арнайы қызмет басшысы болғаны жөн» деген пікірін білдірген.

Сот Ермек Тайшыбековке бүгін үкім шығаруы тиіс.

Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны, 37 жастағы Ермек Тайшыбеков биыл жазда әлеуметтік желі қолданушыларының арызы бойынша қамалып, оның үстінен «ұлтаралық араздық қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG