Accessibility links

Песков Путиннің Сирияға көмек жайлы сөзіне түсініктеме берді


Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігінің кеңейтілген отырысын өткізіп отыр. Мәскеу, 11 желтоқсан 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігінің кеңейтілген отырысын өткізіп отыр. Мәскеу, 11 желтоқсан 2015 жыл.

Ресей «Еркін Сирия армиясына» қару-жарақ берген емес, әңгіме Сириямен әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы жәрдем туралы болып отыр деп мәлімдеген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Путиннің өкілі «Ресей қару-жарақты Сирия Араб Республикасының заңды билігіне бергені» туралы атап айтқан. Ол сондай-ақ журналистерді «сөзден ілік іздемеуге» шақырған.

Бұған дейін жұма күні ресейлік бірқатар ақпарат құралдары таратқан ақпаратта Ресей қорғаныс министрлігінің кеңейтілген отырысында ел президенті Владимир Путиннің Сириядағы ресейлік әскерилер Сирия үкімет күштері мен «Еркін Сирия армиясын» біріктіруге септесіп жатыр деп мәлімдегені айтылған.

Путиннің сөзінше, қазіргі кезде «Еркін Сирия армиясы» қатарындағы жалпы саны «бес мыңнан аса адам» Сирияның Хомс, Хама және Алеппо аймақтарында «террористер» позицияларына қарсы шабуылдап жатыр. Сонымен бірге «террористерге» қарсы шабуылға Сирияның «тұрақты әскері» де қатысып жатыр деп айтқан Ресей прездиенті ресейлік әскерилер «Еркін Сирия армиясы» мен Сирияның үкімет әскеріне қару-жарақпен де, «материалдық жағынан» да жәрдем көрсетіп жатқаны туралы жария еткен.

«Еркін Сирия армиясы» – Сирия президенті Башар Асадтың режиміне қарсы күресіп жатқан көтерілісшілердің ірі тобы болып саналады.

XS
SM
MD
LG