Accessibility links

Сауд Арабиясында әйелдер алғаш рет дауыс беріп жатыр


Дириях қаласының жергілікті кеңесі депутаттығына кандидат әйел Алиязи әл-Хусайни сайлауалды науқан кезінде. Сауд Арабиясы, 29 қараша 2015 жыл.

Дириях қаласының жергілікті кеңесі депутаттығына кандидат әйел Алиязи әл-Хусайни сайлауалды науқан кезінде. Сауд Арабиясы, 29 қараша 2015 жыл.

Сауд Арабиясы елінде бүгін өтіп жатқан жергілікті билік кеңестері сайлауына ел тарихында алғаш рет әйелдер дауыс беруге қатысып жатыр. Муниципалитеттік кеңес – Сауд Арабиясындағы жалғыз әрі ішінара сайланбалы жергілікті билік органы болып табылады.

Әйелдер мен ер адамдар екі бөлек орында дауыс береді.

Бұл жолғы жергілікті билік сайлауында 980-ге жуық әйел (сайлауға түскен кандидаттардың оннан бір бөлігінен сәл астамы) депутат болуға ниет білдірген. Бірақ, заң бойынша, әйел кандидаттар ер сайлаушылармен тікелей кездесе алмайды.

Сауд Арабиясы осы кезге дейін әйелдер сайлауға дауыс бере алмайтын әлемдегі соңғы мемлекет болып келген еді. Енді бұл елдегі бір миллион 300 мың ер азаматтармен бірге 130 мың әйел де дауыс беру құқығына ие болып отыр.

Сауд Арабиясында алғаш рет сайлау 2005 жылы өткен болатын.

XS
SM
MD
LG