Accessibility links

Кабул: шабуылда жараланған тағы бір испандық қаза болды


Шабуыл болған жерде жүрген ауғанстандық арнайы жасақ. Кабул, 11 желтоқсан 2015 жыл.

Шабуыл болған жерде жүрген ауғанстандық арнайы жасақ. Кабул, 11 желтоқсан 2015 жыл.

Ауғанстан астанасында Испания елшілігі маңындағы шабуылда жараланған испан полициясы қызметкері қаза болды. Осылайша, жұма күні жасалған шабуылдан испаниялық екі полиция өкілі мен ауғанстандық төрт полиция қызметкері мерт болған. Бұл туралы бүгін Испания ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің мәліметі бойынша, шабуыл салдарынан алты адам жараланған. Сондай-ақ ауған билігі шабуыл жасағандардың бәрі – төрт содырдың көзі жойылғанын айтады. Бұған дейін шабуылға жеті адам қатысқан деп хабарланған еді.

Жұма күні кешкісін Кабулде испан елшілігі қасындағы қонақүйге шабуылдаған содырлар тобы әуелі қақпа алдында автокөліктегі минаны жарып, іле-шала ғимаратқа еніп оқ жаудырған. Ғимарат күзетшілері мен полиция қызметкерлері оларға жауап оқ атқан. Қарулы шайқас сенбінің таңына дейін жалғасқан.

«Талибан» қозғалысы бұл шабуылға мойнына алатынын мәлімдеген.

Бұған дейін, 8 желтоқсан күні кешке «Талибан» содырлары Кандагардағы аэродромға шабуыл жасап, үкімет күштерімен атыста 50-ден аса адам қаза болған.

XS
SM
MD
LG