Accessibility links

Мәскеуде оппозиция қарсылық шеруіне шықпақшы


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей федерациясы бүгін Конституция күнін атап өтіп жатыр. Бұл күні оппозицияның Мәскеуде «Өзгеріс шеруін» («Марш перемен») өткізуіне қала билігі рұқсат бермеген, бірақ ұйымдастырушылар мэрияның жазбаша жауабында шеру өткізу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы ашық жазылмағанын хабарлады. Мұндай пікірді оппозициялық журналистер Александр Рыклин мен Сергей Пархоменко айтады.

Наразылық іс-қимылдары комитеті белсенділерді 12 желтоқсанда жергілікті уақытпен түскі сағат бірде Пушкин алаңына жиналуға шақырған. Әуелгі жоспар бойынша белсенділер сол жерден Сахаров даңғылына дейін шерумен бармақшы болған.

Комитет бүгінгі қарсылық шеруіне ресейлік ПАРНАС, «Яблоко», «Гражданская инициатива», «Солидарность» сияқты партиялар мен қозғалыстар қатысады деп хабарлаған.

«Біз «Өзгеріс шеруіне» [билікке] азаматтық қарсылық пен азаматтық бағынбаушылық, азаматтық ынтымақтастық науқанын бастау үшін шықпақшымыз» делінген Facebook әлеуметтік желісінде комитет жариялаған мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG