Accessibility links

Заңгер Михаил Кленчин өлі күйінде табылған


Заңгер Михаил Кленчин.

Заңгер Михаил Кленчин.

Алматы полициясы қоғамдық ортада танымал жергілікті 35 жастағы заңгер Михаил Кленчиннің өлі күйінде табылғаны туралы бүгін әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растады.

Tengrinews агенттігінің хабарлауынша, полиция азаматтық қоғам назарын аударған даулы істер бойынша өткен соттарға өз клиенттерінің өкілі ретінде қатысып танылған Кленчиннің қазасына өз-өзіне қол салуы себеп болуы мүмкін дегенді негізгі болжам ретінде қарастырып отыр.

«Оқиға орнын тексеру барысында жедел тергеу тобы азамат Кленчиннің атына тіркелген «Сайга» қаруын тапқан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу әзірше өзін-өзі өлтіру деп қарастырылып отырған оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр» деп хабарлаған полиция.

Кленчин жұмыс істеген Ұлттық қаржы қызметін дамыту қоры өз хабарламасында оны «аса дарынды заңгер» деп атаған. Михаил Кленчин «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» қоғамдық кеңесі төрағасы болған, үкіметке жақын бірқатар қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысқан.

  • 16x9 Image

    Гүлбану ӘБЕНОВА

    Гүлбану Әбенова - 2008 жылдың тамызына бері Азаттық радиосы сайтының авторларының бірі. Мәскеу гуманитарлық университетінің тарих факультетін тәмамдаған, Ұлттық өнер академиясында театр сыншысы оқуын бітірген, Евразия ұлттық университетінің магистратурасын «Әлеуметтану» мамандығы бойынша аяқтаған. «Экспресс К» газетімен, басқа да қазақстандық басылымдармен әріптес болған. 1999 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

XS
SM
MD
LG