Accessibility links

ІІД: Алматыда атыс қаруынан бір адам жараланған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда жұма күні кешкісін болған атыс қаруынан бір адам зардап шеккен деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews сайты.

Полицияның мәліметі бойынша, желтоқсанның 12-іне қараған түні болған оқиға кезінде аңшы қаруы қолданылған.

«Белгісіз адамдардың аңшы қаруын қолдануы салдарынан оқиғаға қатысушылардың бірі жараланған. Медициналық тексеруден соң ер адам дәрігер көмегіне мұқтаж емес екенін айтқан. Қаза болғандар жоқ» деп хабарлаған Алматының Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы бастығы Асқар Болатов.

Полиция өкілі оқиғаға кімдер қатысқаны анықталғанын және қазір оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын айтады. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары Алматыдағы Жамбыл мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан мейрамханада жұма күні кешкісін атыс болғаны туралы ақпарат таратқан еді.

XS
SM
MD
LG