Accessibility links

Ғаламдық климат саммиті тарихи мәмілеге келді


Қоршаған ортаны қорғау белсенділері тарихи келісім шығардан бірнеше сағат бұрын Эйфель мұнарасы түбінде қол ұстасып тұр. Париж, 12 желтоқсан 2015 жыл
Қоршаған ортаны қорғау белсенділері тарихи келісім шығардан бірнеше сағат бұрын Эйфель мұнарасы түбінде қол ұстасып тұр. Париж, 12 желтоқсан 2015 жыл

Париждегі ғаламдық климат саммитінде 200-ге тарта мемлекет өкілдері парниктік газ қалдықтарын бірлесе азайтып, 2050 жылға дейін ғаламдық ауқымдағы орташа ауа температурасының өсуін 2°C-ден асырмау туралы келісім жасады. Екі аптаға созылған келіссөз кезінде кейбір дамушы елдер бұл міндетті мойнына алуды қиынсынса да, ақыр соңында 12 желтоқсан күні кешкісін барлық қатысушылар тарихи құжатты бекітті.

BBC-дің хабарлауынша, тарихта бірінші рет барлық мемлекеттер көмір мен мұнайға тәуелді өндіріс пен көліктен шығатын зиянды газдарды азайту туралы уағдаласты. Кейбір халықаралық БАҚ бұл келісімді "қазба жанар-жағар май дәуірінің соңына жақындау" деп бағалады.

Келісімнің кейбір шарттары міндетті, ал кейбірі елдердің өз еріктеріне қалдырылған. Соңғы мақұлданған мәтінге сәйкес келісімді бекітуші елдер ғаламдық климаттың күрт өзгеруін бұрын ойлағаннан да қауіпті деп таныды және зиянды қалдық шығаруды азайтуға серттесті. Ғаламдық климатты жақсарту бойынша Париж келісіміне қол қойған елдердің ішінде Қазақстан да бар.

XS
SM
MD
LG