Accessibility links

Илья Ильин екі әлем рекордын жаңартты


Илья Ильиннің ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанар сәтіндегі жеңісі. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.
Илья Ильиннің ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанар сәтіндегі жеңісі. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.

Қазақстандық ауыр атлет, екі дүркін Олимпиада және төрт мәрте әлем чемпионы Илья Ильин сенбі күні Грозный қаласында Ресей президенті кубогы жарысында екі рет әлем рекордын жаңартып, жарыс жеңімпазы атанды.

Серпе көтеру жаттығуында Ильин 246 килограмды басынан асыра ұстап әлем рекордын жаңғыртқан. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ильиннің есебіндегі 437 (191+246) килограмм көрсеткіш те әлемдік жаңа рекорд болып саналады.

Ал Ильинмен бірге 105 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен келесі қазақстандық ауыр атлет Александр Зайчиков серпе көтеруде 226 килограмм, жұлқа көтеруде – 190 килограммды еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды. Зайчиков өткен айда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған.

Сонымен бірге, Грозныйдағы жарыста қазақстандық тағы екі ауыр атлет күміс жүлдегер атанды. Оны команда қоржынына Лондон Олимпиадасының чемипоны Светлана Подобедова мен Денис Уланов әкелді.

XS
SM
MD
LG