Accessibility links

Сирия: Хомста шабуылдан 15 адам өлген


Хомс қаласына кіреберістегі жазу. Сирия, 9 желтоқсан 2015 жыл.
Хомс қаласына кіреберістегі жазу. Сирия, 9 желтоқсан 2015 жыл.

Сирияның батысындағы Хомс қаласында сенбі күні автокөлікке орнатылған мина жарылысынан кемінде 15 адам қаза тауып, 60-тан аса адам жараланған. Шабуыл қаланың шығыс жағында, негізінен алавиттер тұратын ауданда жасалған.

Бұл оқиғаға дейін Сирия билігі көтерілісшілермен жасалған келісім шартына сәйкес Хомс қаласын өз бақылауына алғаны туралы мәлімдеген еді.

Қарсылас екі тараптың келіссөздеріне БҰҰ арағайындық жасаған болатын. Келісім аясына енген Әл-Ваер ауданын соңғы екі жыл бойы үкімет әскері қоршауда ұстаған.

Сирияда 2011 жылы басталған азаматтық соғыс барысында 250 мыңдай адам мерт болған деп хабарлайды Reuters.

XS
SM
MD
LG