Accessibility links

Байқоңырдан бүгін «Протон-М» ұшырылды


Байқоңырдан ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру. 28 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Байқоңырдан ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру. 28 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Байқоңырдан бүгін таңертең ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ғарышқа ұшырылды деп хабарлайды КазТАГ.

Айлақтан Астана уақыты бойынша 6:17 кезінде ұшырылған зымыран «Протон-М» ресейлік әскери мақсаттағы «Космос» сериялы жасанды жер серігін орбитаға шығармақ. Бұл жер серігі радиотехникалық және оптикалық-электрондық барлау-бақылау ғарыш аппараттарынан үлкен көлемдегі сандық ақпараттарды жер бетіне орналасқан ақпарат қабылдау орындарына жеткізуге арналған деп хабарланды.

Бұған дейін «Протон-М» зымыранын ұшыру әуелі 1 желтоқсанға белгіленіп, сонан соң 10 желтоқсанға ауыстырылған еді. Алайда кейін ұшу мерзімі тағы кейінге ысырылғаны туралы ақпарат тараған.

XS
SM
MD
LG