Accessibility links

Бүгін таңертең Алматыдан шығысқа қарай 417 километр қашықтықта, Қазақстанмен көршілес Қытай аумағында 4,4 магнитудалық жер сілкінісі болды деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша сағат 10:24 шамасында тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында, 5 километр тереңдікте болған деп хабарланды.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG