Accessibility links

Франция: аймақтық сайлаудың екінші кезеңі өтіп жатыр


Франциядық сайлау комиссиясының мүшесі дауыс беру бюллетенін ұстап отыр. 6 желтоқсан 2015 жыл.

Франциядық сайлау комиссиясының мүшесі дауыс беру бюллетенін ұстап отыр. 6 желтоқсан 2015 жыл.

Францияда бүгін аймақтық сайлаулардың екінші кезеңіне дауыс беру өтіп жатыр. Осыдан бір апта бұрын өткен сайлаудың алғашқы туры нәтижесі бойынша, Марин Ле Пен басқаратын әсіреоңшыл бағыттағы «Ұлттық майдан» партиясы алда тұр. Миграцияға қарсы бағдарлама ұсынғандар сайлау барысында 13 аймақтың алтауында басымдыққа ие болған.

Бірақ биліктегі Социалистік партия екі ірі аймақтағы өз кандидаттарын кері шақырып алып, өз жақтастарын бұрынғы ел президенті Николя Саркози басқаратын «Халық қозғалысы үшін одағы» партиясындағы консерваторларға дауыс беруге шақырып үндеу тастаған соң саяси күрес шиеленісе түсті.

Бұл жолғы дауыс беру биыл 13 қарашада Парижде жиыны 130 адамның өмірін қиған терактілер жасалған соң ел көлемінде енгізілген төтенше жағдай кезінде өткізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG