Accessibility links

Франция сайлауы: Әсіре оңшылдар жеңіліп жатыр


Францияның әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясы жетекшісі Марин Ле Пен.

Францияның әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясы жетекшісі Марин Ле Пен.

Францияда 13 желтоқсанда өткен жергілікті кеңестерге сайлаудың екінші кезеңінде сайлау учаскелерінде алынған сауалнама қорытындысы бойынша, Марин Ле Пеннің әсіре оңшыл "Ұлттық майдан" партиясы жеңіліп жатыр. Кейбір мәліметтер бұл партияның бір де бір округте жеңіске жете алмағанын көрсетеді.

Мигранттарға қарсы "Ұлттық майдан" партиясы 6 желтоқсанда жергілікті кеңестерге өткен сайлаудың алғашқы кезеңінде алға шыққан еді. Әсіре оңшылдар ықпалының күшейе түсуі биліктегі социалистер партиясын солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда сайлауға түсуден бас тартып, жергілікті кеңестерге "Ұлттық майдан" мүшелерін өткізбеу үшін жақтастарын оңшыл альянс консерваторларын қолдауға шақыруға мәжбүр еткен.

Миграцияға қарсы шығып жүрген "Ұлттық майдан" партиясы ықпалының күшеюіне 13 қарашада Парижде 130 адам қаза тапқан терактілер бірден бір әсер еткен.

XS
SM
MD
LG