Accessibility links

Ресей Түркия әскери атташесін шақыртып алды


Қырым портында жүрген Ресейдің "Сметливый" әскери кемесі.

Қырым портында жүрген Ресейдің "Сметливый" әскери кемесі.

Ресей қорғаныс министрлігі ресейлік әскери кеме Эгей теңізінде балық аулайтын қайыққа ескерту ретінде оқ атқан оқиғадан соң Мәскеудегі Түркияның әскери атташесін келіссөз жүргізуге шақыртып алды.

Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында хабарлауынша, 13 желтоқсанда "Сметливый" қарауыл кемесі Эгей теңізінің солтүстік бөлігінде, Грекияның Лемнос аралынан 22 километр қашықтықта тұрған оған түркиялық балық аулаушы қайығы жақындап барған. Бұдан соң ресейлік кеме "қақтығыс туып кетпеуі үшін" қайыққа ескерту ретінде оқ атып, қайық бағытын өзгерткен.

"Сметливый" кемесі Эгей теңізіне Ресейдің Сириядағы әскери операциялары аясында апарылған.

XS
SM
MD
LG