Accessibility links

Түркістанда өз-өзін өртеген жігіт қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркістанда өз-өзін өртеген 20 жастағы студент қайтыс болды деп забарлайды Азаттыққа Түркістан қалалық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Хамза Досжанов.

- Ауруханаға денесінің 90 пайызын күйік шалып түскен 20 жастағы жігіт 13 желтоқсанға қараған түні қайтыс болды. Марқұмның денесі мәйітханада. Туғандары құжаттардың бәрін рәсімдеп, алып кетеді, - дейді Хамза Досжанов.

Түркістанда өз-өзін өртеген 20 жастағы студенттің ауруханаға түскенін Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің (ОҚО ІІД) баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына өз-өзін өртеу туралы хабар 7 желтоқсан күні түнде ауруханадан жеткенін мәлім еткен. Полицияның айтуынша, алдын ала тексеру барысында қаладағы оқу орындарының бірінде оқитын студенттің өз-өзін өз үйінде өртегені анықталған. Жігіттің денесінің 90 пайызын күйік шалған.

Қаракөзованың сөзінше, бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша («өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG