Accessibility links

Түркіменстан-Үндістан газ құбыры құрылысы басталды


Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістан басшылары (оңнан солға қарай) TAPI газ құбыры құрылысын бастау рәсімінде.

Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістан басшылары (оңнан солға қарай) TAPI газ құбыры құрылысын бастау рәсімінде.

Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістан газ құбырының (TAPI) құрылысын бастап берді. Құны 10 миллиард АҚШ доллары болатын құбыр аймақтағы энергия шикізаты тапшылығын азайтып, Оңтүстік Азиядағы шиеленісті бәсеңсітеді деп болжанып отыр.

Түркіменстанның Мары қаласы маңындағы Қарақұм шөлінде өткен құбыр құрылысын бастау салтанатына Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф пен Үндістан вице-президенті Мұхаммед Хамид Ансари қатысты.

1735 километр болатын TAPI газ құбырының жылдық өткізу қуаты 33 миллиард текше метрге жетеді деп жоспарланған. Құбыр Түркіменстанның Мары уәлаятындағы Галкыныш кенішінен тартылып, Ауғанстандағы Герат-Кандагар авто жолы бойы арқылы, одан ары Пәкістанның Кветта және Мултан провинциялары арқылы Үндістанмен шекарадағы Фазилка қаласына дейін жетеді.

Құбыр салатын елдер бұған дейін Дели мен Кабулдың Исламабадпен қарым-қатынасы нашарлығына қарамастан бұл жобаны қолдайтындарын бірнеше рет мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG