Accessibility links

Биржада доллар бағамы 322 теңгеден асты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада доллардың орташа бағамы 322 теңге 47 тиынға жетті. Бұл - өткен жұма күнгі биржада теңертеңгілік саудадағы бағамнан 10 теңге 55 тиынға артық. Бүгін таңертеңгі сауда сессиясы жабылатын кезде доллар бағамы 329 теңге 67 тиынға жеткен.

Алматыдағы ақша айырбастау орындары мен банктерде доллар 327-330 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан валютасы биыл жыл басынан бері долларға шаққандағы құнының 80 пайызға жуығына дейін жоғалтты. Қазақстан билігі теңге бағамының құлдырауын әлемде мұнай мен шикізат бағасы арзандап, түсетін кірістің азаюымен түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG