Accessibility links

Назарбаев Астанада ғалымдарды марапаттады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қазақстандық бір топ ғалымды ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы сыйлықпен марапаттады.

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, ғылым мен техника саласындағы сыйлық плазманың кванттық қасиеті саласындағы ғылыми еңбектер, Қазақстанның ғарыш саласын құрудың әдістері мен технологиясын дамыту, қорғасын және алтынды өндірісте өңдеу технологиясы, бекіре балығы шаруашылығын құру және саласын дамыту, жамбас ұршығы хирургиясына эндопротездеу арқылы инновациялық технологияны енгізу және Қазақстанның көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу салалары бойынша 40 шақты ғалымға берілген.

Екі жылда бір рет берілетін сыйлықтың әрбірінің 18 миллион 600 мың теңге ақшалай жүлдесі бар.

XS
SM
MD
LG