Accessibility links

Астанада журналист Талғат Кирбетов қайтыс болды


Астанада қазақстандық белгілі журналист, "Время" газетінің Астанадағы тілшісі Талғат Кирбетов қайтыс болды. Кирбетов өз көлігінде өлі күйінде табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол иісті газдан уланған.

Талғат Кирбетов әр жылдары "31 телеарна", "Астана", "7 арнада" тілші, "Қазақстан темір жолы", ұлттық компаниясында баспасөз қызметкері болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол "Время" газеті редакциясында жұмыс істеді.

Талғат Кирбетовпен қоштасу 15 желтоқсанда Астанада өтеді.

XS
SM
MD
LG